VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшылар 74 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 20 күміс және 22 қола жүлде бар.
Екінші орынға 30 алтын медаль иеленген Қырғызстан құрамасы жайғасса, жеті алтын жүлдесі бар Ресей үшінші орынға тұрақтады.
Қазақстандық спортшылар аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, армрестлинг, арқан тартыс, тоғызқұмалақ және басқа да ұлттық спорт түрлерінен жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 113 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысты.
Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында топ жарды
Фото: Life09