WorldSkills Shanghai 2026: Қазақстан құрамасы 8 марапат иеленді

Фото: Gemini ИИ

Шанхайда өткен WorldSkills Shanghai 2026 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 8 марапатқа қол жеткізді. Оның ішінде 1 қола медаль, 6 кәсіби шеберлік медалі және «Best of Nation» арнайы марапаты бар, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

«Ұшқышсыз авиациялық жүйелер» құзыреттілігі бойынша Руслан Нестеренко қола жүлдеге ие болды. Айта кетейік, бұл бағыт чемпионат бағдарламасына алғаш рет енгізілген.

Веб-технологиялар, сантехника және жылыту, дәнекерлеу, өнеркәсіптік және графикалық дизайн, сондай-ақ мехатроника бағыттары бойынша кәсіби шеберлік медальдарын жеңіп алды.

«Цифрлық интерактивті медиа дизайны» құзыреттілігінде бақ сынаған Камила Алиева «Best of Nation» марапатына ие болды.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына 31 құзыреттілік бойынша 33 колледж студентімен қатысты.