Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде аман қалған сарбаз Бекет Мырзағалиев әскери қызметін толық аяқтап, туған жеріне оралды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі t.me/stankznews-ке сілтеме жасап.
Оны Атырау халықаралық әуежайынан ата-анасы, туған-туыстары мен жақындары зор қуанышпен күтіп алды. Бекет Ақтау қаласындағы №29011 әскери бөлімінде борышын өтеген.
Анасының айтуынша, ұлы ТЖ кезінде емдеу мекемесіне жатқызылмаған, ол жағалауға өз күшімен аман-есен жүзіп шыққан.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бекет Мырзағалиев әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған болатын.
Каспийдегі оқу-жаттығудан аман қалған Бекет Мырзағалиев әскери борышын аяқтады
Фото: Life09