Жаңа Конституция – таза әрі жауапты қоғамның негізі

Сурет: TazaQala

Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен жауапкершілігін нығайтуға, қоғамның дамуына және елдің болашағына ортақ үлес қосуға бағытталған құндылықтарды дәріптеуге шақырады. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау, қоғамдық тәртіпті сақтау және туған қаламыздың тазалығына үлес қосу – дәл осы жауапты азаматтық ұстанымның жарқын көрінісі.

Қарағанды қаласының санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында TazaQala командасы аумақтарды тұрақты күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізуде. Тазалық сақшыларының міндетіне көшелер мен тротуарларды тазалау, қоқыс шығару, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және ортақ пайдаланылатын жерлерді ретке келтіру кіреді. Негізгі мақсат – қаланың санитарлық жағдайын жақсартып, тұрғындар үшін таза әрі жайлы орта қалыптастыру.

Таза қала – мәдениетті қоғамның айнасы. Жаңа Конституция бекіткен бірлік пен жауапкершілік құндылықтарын ардақтай отырып, туған жеріміздің тазалығын бірге сақтайық. Себебі, жауапты қоғам – жарқын болашақтың, қуатты елдің кепілі!

 

Мирас СӘУЛЕХАН,

Life09.kz