Қазақстанда ақша жинау тәртібі қатаңдауы мүмкін

Фото: Gemini ИИ

Қазақстанда әлеуметтік желі арқылы жеке мақсатқа ақша жинайтындар мен қайырымдылық жәшіктеріне қойылатын талап күшейтілмек, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Ұсынысқа сәйкес, қаражат жинаған азаматтар ақшаның қалай жұмсалғаны жөнінде есеп беруге міндеттелуі мүмкін.
Ал қайырымдылық жәшіктерінде қаражатты алушының деректері, жинау мақсаты мен мерзімі көрсетілуі тиіс. Жиналған ақшаны кемінде үш уәкілетті адам бірлесіп алуы қажет.
Сонымен қатар волонтерлерге арналған бірыңғай цифрлық платформа құру ұсынылды.
Заң жобасы 16 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.