Бүгінгі таңда өнеркәсіп саласын жаңғыртып, заман талабына сай бәсекеге қабілетті ету – басты міндеттердің бірі. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған экономиканы цифрландыру және өндіріс тиімділігін арттыру бағытындағы бастамалар өндіріс саласының мамандары арасында қызу қолдау табуда.
Осы орайда, Өндірісті автоматтандыру және басқару жүйелері бөлімінің бастығы Достан Кабаков Президент Жолдауында көтерілген өзекті ойларды толықтай қолдайтынын жеткізді.
«Біз болашақтағы цифрлық өндірістің қандай болуы керектігін нақты түсініп, соған сай бағыт-бағдарымызды айқындауымыз қажет. Осы мақсатқа жету үшін қажетті қадамдарды жүйелі түрде жасап, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз, деректерді тиімді пайдалануымыз және өндірістік процестерді үздіксіз жетілдіруіміз маңызды», – деп атап өтті Достан Кабаков.
Сала маманының пікірінше, цифрландыру тек технология енгізу емес, ең алдымен жұмыстың сапасын арттырудың құралы. Ол алға қойылған мақсаттарға тоқталып өтті:
-
Ашықтықты қамтамасыз ету: Цифрландыру барлық деректер мен процестердің ашық жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
-
Жедел әрі дұрыс шешімдер: Нақты ақпарат пен автоматтандырылған жүйелердің көмегімен басқару шешімдерін қабылдау үрдісі жеделдей түседі.
Өндірісті автоматтандыру және басқару жүйелері бөлімінің бұл бастамаларға қолдау білдіруі – кәсіпорынның жаңа технологиялық кезеңге қадам басып, тиімділікті арттыру жолындағы сенімді қадамының көрінісі.