Өндірісті дамыту және еңбек адамының мүддесі – басты назарда

Сурет: «Әділет» партиясы

Балқаш қаласында «Kazakhmys Smelting» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өтті. Жиында «Әділет» партиясының Қарағанды облысына арналған 2026–2031 жылдардағы сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, металлургия саласын дамыту, өндірісті жаңғырту, инвестиция тарту және еңбек адамдарының мүддесін қорғау мәселелері талқыланды.

Кездесуге «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Александр Куприенко, Елжан Серғалиұлы, Аяжан Мақан, Ербол Сармурзин және Рустам Танишпеков қатысты.

Сайлау

Балқаш – Қазақстанның түсті металлургия саласындағы маңызды өндірістік орталықтардың бірі. Қала экономикасының негізгі тіректерінің бірі саналатын металлургия кәсіпорындарының жұмысы мыңдаған адамның еңбек қызметімен және тұрмысымен тығыз байланысты. Сондықтан саланың тұрақты дамуы өндірістік көрсеткіштермен қатар, жұмысшылардың еңбек жағдайы мен әлеуметтік қорғалуына да тәуелді.

Сайлау

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасындағы өнеркәсіпті жаңғырту, инвестиция тарту, өндірістік қуаттарды арттыру, жаңа технологияларды енгізу және тұрақты жұмыс орындарын ашу бағыттары таныстырылды. Сонымен қатар кәсіби мамандар даярлау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелеріне назар аударылды.

Жиын барысында кәсіпорын қызметкерлері де өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын ортаға салды. 

Сайлау

«Әділет» партиясының кандидаттары өнеркәсіптің өркендеуі еңбек адамының мүддесімен қатар жүруі керектігін атап өтті. Өндірістің тұрақты дамуы жұмысшылардың кәсіби өсуіне, әлеуметтік жағдайының жақсаруына және өңір тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуына жол ашуы тиіс.

Балқаштың өндірістік әлеуетін нығайту, металлургия саласын дамыту және еңбек адамдарының мүддесін қорғау – өңірдің ұзақ мерзімді дамуы үшін маңызды міндеттер.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Б. Қ. Алтынбеков.

Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.