Зайсан әуежайында сертификаттау рәсімі басталды

Сурет: https://www.gov.kz/org/transport

 

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Шығыс Қазақстан облысы әкімініңорынбасары Бақытжан Баяхметовсалынып жатқан Зайсан және Катонқарағай әуежайларына барды.

Зайсан әуежайында ұшу-қонужолағының, перронның, рульдеужолының, кірме жолдардың жәненегізгі инженерлік желілердіңқұрылысы, сондай-ақ жарық-сигналдық және радионавигациялықжабдықтарды орнату жұмыстарыаяқталды. Қазіргі уақытта әуежай инфрақұрылымы нысандарыныңғимараттарында әрлеу жұмыстары, жабдықтарды монтаждау және іскеқосу-баптау жұмыстары жалғасуда.

Жобаны іске асырудың қорытынды кезеңдерінің бірі – Қазақстанныңавиациялық әкімшілігі жүргізіп жатқанЗайсан аэродромын сертификаттаурәсімінің басталуы.

Катонқарағай әуежайында да ұшу-қону жолағының, перронның, рульдеужолының және блокты-модульдікқазандықтың құрылысы, сондай-ақреспубликалық маңызы бар автомобиль жолын көшіру жұмыстарыаяқталды.

Қазіргі уақытта инженерлік желілердітарту, тазарту құрылыстарын салу, әуежай инфрақұрылымынысандарының ғимараттарын әрлеужәне аэронавигациялық жабдықтарды монтаждау жұмыстары жалғасуда.