Қарағанды облысының спортшылары Абу-Дабиде (Біріккен Араб Әмірліктері) өтіп жатқан джиу-джитсудан әлем чемпионатында табысты өнер көрсетті. Өңір өкілдері бес жүлде, соның ішінде төрт күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Қыздар арасында Ратмира Мамедова мен Аққу Ысқақова үздік атанды.

Ратмира жарыстың күміс жүлдегері атанды, ал Аққу жасөспірімдер арасында 52 килограммға дейінгі салмақта сары белбеумен қола жүлдеге ие болды.

Біздің облыстың өкілдері Қазақстан құрамасының қоржынына тағы үш күміс медаль әкелді.

Екінші орынға Айзада Айтым – 40 кг; Ислам Жолдыбек – 41 кг; Әділ Ғабдулманат – 45 кг ие болды.
