BANNER

Сұлулықтың артында сұмдық сыр бар

Интернет желісінен

Келген көктеммен бірге қыз-келіншектер де құлпырып, жайнағысы келеді. Қазіргі заманда сұлулық үшін бояулар да, косметикалық процедуралар да жетерлік. Олардың көбі заман талабына сай тексерістен өткен, денсаулыққа нұқсан келтірмейді. Бірақ қыз-келіншектер үшін сұлулық  үнемі бүгінгідей қолжетімді болмаған. Тіпті сұлулық үшін бүгінгі заманға дейінгі әйелдер денсаулығын қатерге тіккен. Кейбір жағдайларды білмей істесе, кейбір қатерге сұлулық үшін саналы түрде барған. “Сұлулық құрбандықты талап етеді” дейді еуропалықтар. “Сұлулық әлемлі құтқарады” дейді Достоевский. Ал сұлулықтың артында сұмдық сыр бар…

    1. Корсет.

 XIV ғ Франция ханымы Екатерина Медичидің арқасында корсет сәнге айналған. Сол заманғы әйелдердің барлығы қыпша бел болу үшін белдерін корсетпен буды. Ерлер жаппай кит аулайтын. Себебі, корсет киттің мұртымен тартылатын еді. Корсетті үнемі тартып киіп жүргендіктен әйелдердің ішкі мүшелеріне зақым келген. Тіпті қабырғалары жарылып, сынып та кеткен кездер көп кездескен.

2. Қабырғаны алып тастау

Қыпша белдің иесі болу үшін корсетті тарту аздық етіп, кей әйелдер астыңғы қабырғаларын алғызған. Ол заманғы медицина деңгейі, сапасы төмен болғандықтан көп әйелдер операция үстінде қайтыс болып кеткен. Ал кейбірінің  өмір бойына денсаулығына зақым келді. Бұл процедураға әлі де жүгінетіндер жоқ емес.

3. Көзге тамызатын улы тамшылар

Белладонна - токсинді шөптесін өсімдік, Ежелгі Рим, Ежелгі Грекия кезінде бұдан у жасаған. Ал итальяндық аристократтар бұл өсімдікті өздерінше қолданған. Ол кезде қарашығы үлкен, жарқырап тұратын тұнық көздер сұлу болып есептелетін еді. Ондай сұлулыққа қол жеткізу үшін белладонна өсімдігін көзге тамызу керек-ті. Алайда оларда галлюцинациялар, соқырлық, тіпті кейде қайғылы жағдайға жиі болатын. Соған қарамастан өсімдікті XX ғасырдың басында адам өміріне қауіпті деп атағанға дейін 100 жыл бойы кеңінен қолданыста болды. 

4. Мышьяк

Көзді жылтыратып, ашық қып көрсететін құралдардың бірі – мышьяк. Оның зияны туралы бұрыннан белгілі болса да, әйелдерге ол бөгет бола алмады. Мышьякты ішу арқылы олар аристократиялық аппақ жүзге ие болушы еді. У біртіндеп ағзаға жинала береді де, денсаулықтарына қатты зақым тиеді. “Аппақ жүзің албырап” деп қазақ жыры суреттейтін сұлулық сипаты Еуропада да болған. 

Сол заманда қанық изумруд түсті көйлектер сәнде болды. Мұндай мата өте қымбат боп есептелді. Ол түске жету үшін көйлектерге мышьяк қосатын еді. Көйлектегі у  әйелдердің бастарын айналдырып, аллергия тудыратынына қарамастан, сұлулық үшін әйелдер оны киетін. 

5. Свинц пудрасы

XVI - XVIII ғасырларда аристократты аппақ жүз - сұлулықтың белгісі еді. свинц пудрасы сол сұлулыққа жеткізетін болғандықтан жаппай қолданушылардың ішінде Англия ханымы Елизавета I бар еді. Аталмыш пудра бетті расымен ағартқанымен, арты ерте қартаюмен қоса, жара мен параличке әкеп соғатын.

6. Радиоактивті косметика

XX ғасырдың басында жаңадан қолданысқа енген радийдің зиянынан көбісі бейхабар еді. 30 - жылдары сөрелерде “Tho - radia” атты косметика пайда болды. Бұл пудра, далап, румянаның құрамында радий бар еді. Бетке әр береді, әжімді жазады деп сендірген косметиканың денсаулыққа орасан зор зиян екені анықталғанда 1937 жылы сатуға тыйым салынды. Ал оғанға дейін қаншама әйел “білмеген у ішедінің” кебін киді.

Ақерке АЯНҚЫЗЫ