"ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы Бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған 20 млрд.теңге көлемінде қаражат жымқырды деген айып тағылып отыр. Бұл туралы ANTIKOR News Telegram-каналында жазылды, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.
«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар аралығында көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 млрд теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар экс-вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевті екі айға қамауға алынған болатын.