BANNER

Орталық саябақтың жазғы маусымдағы жұмысы аяқталады

Ашық дереккөз

Қарағандының Орталық мәдениет және демалыс саябағы жазғы маусымын жабады, бірақ ауа райы жылы болған кезде кейбір аттракциондар мен дәмханалар өз жұмысын жалғастыратын болады. Ал алдағы күндері  саябақта спорттық іс-шаралар, би және поэзия кештері қтетін болады, деп хабарлайды LIFE09 ақпаратты агенттігі.

"Бұл оқиғаларға толы ең жарқын маусым болды. Көктемгі-жазғы кезеңде Орталық саябақта 146 ұмытылмас іс-шара өтті. Әзірге ауа-райы мүмкіндік беріп отыр, біз барлық ниет білдірушілерді қонаққа күтеміз", – деді саябақ басшылығы.

16 қыркүйек, жұма күні саябақтың басты сахнасында стендап өтеді, басталуы 14:00-де. Ал 16:00-ден 18:00-ге дейін қарағандылықтарды би алаңы күтеді.

Сенбі, 17 қыркүйек, сағат 11:00-де дәстүрлі күзгі жеңіл атлетикалық кросс басталады. Сағат 11:00-де кіші көлде кеме жасау спортынан қаланың ашық чемпионаты өтеді. 

1

Сағат 17:00-ден 18: 30-ға дейін "Қарағанды қоңыр күз" поэтикалық кеші өтеді. Оның қонақтары – белгілі ақындар Руслан Нұрбай, Саят Тұяқбаев, Ілияс Мұқай, Қуаныш Медеубаев, Жәнібек Әліман, Салтанат Смағұл, Бек Ноғайбайұлы, Мөлдір Әлжанова, Салтанат Қайырбек, Еркебұлан Елеусін, Жанерке Кәдірбек, Нұрдәулет Марат және Тілеужан Қамысбаев.

Жексенбі, 18 қыркүйек, сағат 11:00-де – зумба-фитнес, сонымен қатар осы уақытта кіші көлде кеме жасау спортынан қаланың ашық чемпионаты өз жалғасын табатын болады.