Кәсіпкер көпбалалы анаға үй алып берді

ашық дереккөз

Жуырда үйі апаттық жағдайда тіркелген Ақсу - Аюлы ауылының тұрғыны,  зейнеткер, көпбалалы ана Капуза Омарбекова баспаналы болды. 2017 жылдан бері үй кезегін күткен анаға Шет ауданындағы  «Тау» шаруа қожалығының жетекшісі Қанат Тусупбеков өз қаражатына үй сатып алып берді.

Көпжылғы арманына қол жеткізген отбасының қуанышында шек жоқ. Өздеріне осындай қолайлы баспана сатып берген атымтай жомарт азаматқа жүрекжарды алғысын білдірді.