BANNER

Депутаттар біркүндік жалақысын жаңа қорға аударды

Депутаттар біркүндік жалақысын жаңа қорға аударды

Сенат пен мәжіліс депутаттары "Қазақстан халқына" қорына біркүндік жалақысын аударды, деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.

"Сенат пен мәжіліс депутаттары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорын құру туралы бастамасын қолдап, бір күндік жалақыларын осы қорға аударды", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырамасымен құрылды.

Осы ұйым денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт және әлеуметтік қолдау саласында нақты проблемаларды шешумен айналысады. Сондай-ақ, қаза болған полицейлер мен әскерилердің отбасыларына көмек көрсетеді.

Қамқоршылық кеңесінің құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, қоғам өкілдері, меценаттар және басқа да беделді азаматтары енді.

"Қазақстан халқына" қорының реквизиттері:

- ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, "Қазақстан халық банкі" АҚ;
- ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, "Kaspi Bank" АҚ.