Саранда адам қаққан әскери қызметкерге қатысты сот үкімі шықты

ашық дереккөз

Ақмола гарнизоны әскери сотында Саран қаласындағы 44803 әскери бөлімінің бұрынғы әскери қызеткеріне қатысты үкім шықты. Ол былтыр мамырда велосипед мінген Қайрат Тәшеновті көлігімен қағып өлтірген, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі.

Сот материалдарына сәйкес, бұрынғы әскери қызметкер мас күйде және досының көлігін жүргізіп келе жатып, Саран қаласының тұрғынын қағып кеткен. Сондай-ақ, соқтығысудан кейін екі әскери қызметші де жедел жәрдем шақыруға асықпағаны анықталды. Дәрігерлер мен полицияны оқиға орнына кездейсоқ келіп қалған такси жүргізушісі шақырған. Ол жәбірленушінің көршісі болып шықты.

Сотта екі әскери қызметкер де кінәсін мойындамады. Олардың бірі марқұмның өзі велосипедпен қарсы жолаққа шығып кеткенін айтты.

Іс материалдары мен жиналған дәлелдемелерді зерделеп, сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 345-1-бабы 3-бөлігі "Адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзуы немесе көлік құралын алкогольдік масаң күйде пайдалануы" бойынша кінәлі деп таныды. Оған қауіпсіздігі барынша төмен ҚАЖ мекемесінде жазасын өтеумен 3,6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сондай-ақ, одан марқұмның анасына 10 миллион теңге мөлшерінде моральдық залал және 1 миллион теңгеден аса мөлшерде материалдық зиян, сондай-ақ адвокаттарға арналған шығыстарды өндіріп алынған.

Еске салайық, оқиға 27 мамырында болған еді. Ер адам үйіне велосипедпен қайтып бара жатқанда оны әскери қызметші қағып кеткен.