Мектепте сабақ үстінде төбедегі сылақ опырылып түсті

Stan.kz

Оқиға Семейде 30 сәуір күні 10:20-да болған. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Білім басқармасының хабарлауынша, үшінші қабаттағы төбе сылағының 1 шаршы метрдей бөлігі опырылып түскен.

Құлаған бөлік қоршауға алынып, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.