Павлодар облысында полицейлер мас адамды құтқарып қалды

Фото: polisia.kz

Павлодар облысында полицейлер мас күйдегі адамды суицидтен құтқарды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі polisia.kz сілтеме жасап.

Полицияға «Теміржол көпірінде ер адам асылып тұр» деген қоңырау түсті. Дереу оқиға орнына автопатрульдердің экипаждары жіберілді. Ер адамның мас күйде екені анықталды.

«Біз дереу құтқару шараларын қабылдадық. Оның тағдыры бірнеше секундта шешілетін болды. Көпірден ер адамды тартып алу мүмкін емес екені түсінікті болды. Сондықтан біз тросты алып, оның көмегімен павлодарлықты қоршаудан алып шықтық. Адамды құтқару кезінде бізде бір мақсат болды – оның өмірін сақтап қалу», – деді сол күнгі оқиғамен бөліскен патрульдік полиция батальоны взводының командирі Еркебай Өтегенов.

Полицейлер жедел жәрдем көлігін шақырып, ер адамды дәрігерлерге тапсырды. Полицейлердің уақытылы және сауатты әрекеттерінің арқасында адамның өмірі сақталды.

айды