Қарағанды облысында жол көлік оқиғасынан бес адам қайтыс болды

Polisia.kz

Қарағанды облысында жол көлік оқиғасынан бес адам қайтыс болды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

3 мамыр күні Қарағанды-Балқаш тас жолында, Ақсу Аюлы кентіне жетпей "Рено" жүк көлігімен "Тойота" автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі және оның 4 жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды. Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. 
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері кезінде оқиғаның мән жайы және жол-көлік оқиғасына кінәлі анықталатын болады. 
Қарағанды облыстық Полиция департаменті жүргізушілерден, жылдамдықты шектен тыс асырмауды және жол жүру ережесін қатаң сақтауды сұрайды.