Райымбек Баталов Бишімбаев ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Фото: RaimbekBatalov

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында қазақстандық танымал кәсіпкер Райымбек Баталовтың да есімі аталған болатын. Райымбек Баталов өзіне қатысты айыптаулардан кейін жауап беруді ұйғарған,- деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейінгі сот отырыстарының бірінде Бишімбаев "марқұм Нүкенованың Баталовпен бұрын қарым-қатынасы болған" деген мәлімдеме жасады. Кешегі сот отырысында Бишімбаевтың ұялы телефонынан оқиға болған күнгі видеолар көрсетілді. Кадрлардағы дауыстарда Бишімбаев Нүкеновадан Баталовпен қандай қарым-қатынасы болғанын сұрайтыны естіледі. 

Райымбек Баталов осы жайтқа қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, бұл сотқа қатысты аяғына дейін пікір білдіргісі келмеген. Алайда айтылып жатқан сұмдық ақпараттардан кейін мәлімдеме жасауға бел буған. Ол өз тарапына қатысты айтылған ақпараттың бәрі бос сандырақ, өтірік екенін жеткізді.

"Бұл өтірікке сенбеуге, блогерлер мен БАҚ өкілдерін жалған ақпарат таратпауға шақырамын. Ауыр қазаға ұшырап отырған Салтанаттың жақындары қыздарының намысын қорғауға мәжбүр болып отырғаны өте өкінішті. Нүкеновтер отбасына шын жүректен көңіл айтамын", - деді ол.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Raimbek (@raimbekbatalov)