Қазақстандық гимнастшы Эльжана Таниева Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

Фото: ҰОК

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Эльжана Таниева Парижде өтетін олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Эльжана Таниева Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында олимпиада ойындарының лицензиясына қол жеткізді. Қазақстандық гимнастшы көпсайыс қорытындысы бойынша бірінші орын иеленді. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша 133.40 ұпай жинап,  Азия чемпионатының алтын медалін иеленіп қана қоймай, олимпиада ойындарының жолдамасын де жеңіп алды. Жарыс ережесі бойынша, жолдама тек алтын медаль алған спортшыға беріледі.