Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан қымбаттады

Life09

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,5 теңгеге қымбаттап, 518,39 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 514,74 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 518,87 теңгеден сатып алынады, 521,40 теңгеден сатылады.

Еуро 601,05 – 606,79 теңге, ал рубль 6,54 – 6,67 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,07 теңгеден сатып алынады, 74,96 теңгеден сатылады. 

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 515,90 теңгеден сатып алынады, 522,90 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 597,69 теңге, сату - 607,69 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,53 теңге, сату - 6,69 теңге.

- юань: сатып алу - 72,97 теңге, сату - 77,06 теңге.

Еске салайық, 9 желтоқсан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,53 теңгеге қымбаттап, 514,74 теңге болды.