KASE: доллар бағамы 2,5 теңгеге арзандады

Фото: Life09

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,55 теңгеге арзандап, 515,02 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 517,66 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 515,78 теңгеден сатып алынады, 517,75 теңгеден сатылады. Еуро 601,89 – 606,32 теңге, ал рубль 6,39 – 6,51 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,95 теңгеден сатып алынады, 75,49 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 513,39 теңгеден сатып алынады, 520,39 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу - 600,32 теңге, сату - 610,30 теңге;

– рубль: сатып алу - 6,41 теңге, сату - 6,56 теңге.

– юань: сатып алу - 72,96 теңге, сату - 77,05 теңге.

Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 3,54 теңгеге қымбаттап, 517,66 теңге болды.