BANNER

«Таза Қазақстан»: Абай ауданының еріктілері қараусыз қалған жануарларға көмектесті

Қарағанды облысының әкімдігі

Абай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда. Жастар қоршаған ортаның тазалығына ғана емес, қараусыз қалған жануарларға да пайдасын тигізді. Абай қаласының Вольный кентінде үйсіз жануарларға арналған баспана бар. Оны жергілікті тұрғындар салған. Баспана жұмысы тұрғындар мен демеушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Қараусыз қалған жануарлар туралы естіген AbayTeam еріктілері «Жақсылық жолындағы тазалық» акциясын өткізді. Қайта өңдеуге өткізілетін шикізатты жинап, түскен қаражатқа жануарларға азық сатып алды.

Еріктілер корпусының белсендісі Ержан Рахметов мұндай акция қоршаған ортаның, экологияның тазалығына ғана емес, жануарларға да пайдасын тигізеді дейді.

Акцияға оқушылар белсенді қатысуда. Бұл балаларды мейірімділікке тәрбиелейді және қоршаған ортаны қорғауға үйретеді.