Оқушы Telegram-арнасында облыстық мамандандырылған мектеп-интернатқа шабуыл жасалатыны туралы хабарлама жариялады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап.
Ол ақпаратты мессенджер арқылы таратып, қауіптің алдын алу үшін ақша талап еткен. 2024 жылға дейін сол мектепте оқыған күдікті, әрекетін «әзілдегім келді» деп түсіндірді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.