Ирандық дрон Дубай қаласындағы АҚШ консулдығы аумағына құлаған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Салдарынан дипломатиялық миссия аумағында өрт шыққан.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өрт жедел түрде сөндірілді.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың айтуынша, дрон консулдықтың автотұрағына түскен.
Айта кетейік, бұған дейін ұқсас шабуыл АҚШ-тың Эр-Риядтағы елшілігіне де жасалған болатын.
Дубайдағы АҚШ консулдығына дрон соққысы жасалды
Фото: Life09