Қазақстан банктері 2026 жылдың қаңтарында 198,6 млрд теңгеден астам пайда тапқан. Көрсеткіш 2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 9 пайызға, ал 2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 13 пайызға төмен.
Сарапшылардың мәліметінше, сектордағы жалпы пайданың 67 пайызы үш ірі банкке тиесілі. Атап айтқанда, Halyk Bank, Kaspi Bank және Банк ЦентрКредит (БЦК) көш бастап тұр.
Қаңтар қорытындысы бойынша ең жоғары таза пайда көрсеткен банктер:
Halyk Bank – 70,6 млрд теңге;
Kaspi Bank – 41,6 млрд теңге;
Банк ЦентрКредит – 20,6 млрд теңге;
ForteBank – 12 млрд теңге;
Alatau City Bank – 8,8 млрд теңге.