Қазақ шабандозы әлемдік рекорд орнатпақ. 20 наурыз - Ұлттық спорт күніне орай Алматы қаласының Орталық ипподромында ерекше рекордтық көрсетілім өтеді. «Топжарған» этно-мәдени орталығының каскадер-шабандозы Ернар Жасұзақ ұлттық ат спорты бағыты бойынша жаңа рекорд орнатпақ. Ол бір аттың үстінде 500 метр қашықтықты сағатына 60 км жылдамдықпен шауып өтеді. Көрсетілімнің басты ерекшелігі – шабыс барысында аттың тізгінін толық жіберіп, ат үстінде тік тұрған күйде шабу. Көрсетілім ресми түрде тіркеліп, Африка мен Орта Азия елдері арасындағы Әлемдік рекордтар кітабына жаңа рекорд ретінде ұсынылады.
Қазақ шабандозы әлемдік рекорд орнатпақ
Фото: ЖИ Gemini