17 наурыз – Шаңырақ күні

Фото: ЖИ Gemini

Наурыз мейрамының онкүндігі аясында 17 наурыз – Шаңырақ күні деп жарияланған. Бұл күн отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, ұрпақ тәрбиесі мен шаңырақ бүтіндігіне арналады.

Қазақ халқы үшін «шаңырақ» ұғымы әулеттің тұтастығының, береке-бірлігінің және ұрпақ сабақтастығының символы. Шаңырақ күнін атап өтудің басты мақсаты – жас ұрпаққа жанұядағы сыйластықты, ата-ана алдындағы парызды және ұлттық тәрбиенің маңыздылығын ұғындыру.

Бұл күні ағайын-туыс бір-біріне қонаққа барып, үлкендердің батасын алады. Қазіргі таңда бұл мереке тек бір отбасының аясында ғана емес, жалпыұлттық деңгейде түрлі мәдени және әлеуметтік іс-шаралармен өрбіп келеді.