Биыл 30 тамызда қазақстандықтар демала ма? – министрлік жауап берді

Фото: ЖИ Gemini

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай 30 тамыздың мереке күні ретіндегі мәртебесі жойылатынын мәлімдеді.

«Бұл дата енді демалыс күні ретінде саналмайды. Себебі жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін 15 наурыз ресми түрде Ата заң күні ретінде саналады», - деді Виктория Шегай.

Атап айтқанда, республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Осы күннен бастап бұрынғы Конституцияның қолданысы тоқтатылады.

Ал, референдумда Конституция қабылданған күн — 15 наурыз мемлекеттік мереке, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болып жарияланады.