Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еліміз Түркияның «Түркі мемлекеттері ұйымы +» форматын құру бастамасын қолдады»

Фото: t.me/aqorda_resmi

«Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымын жан-жақты дамытуға мүдделі.

 

Бүгінде біздің Ұйымға халықаралық қауымдастық сенім білдіріп отыр. Абырой-беделіміз де артып келеді.

 

Осы орайда Қазақстан Ресейдің «Алтай – түркі өркениетінің бесігі» жобасына оң көзқарасын білдірді. Бұған қоса, біз «Алтай сұхбат алаңы (диалогі)» форумын құру жөніндегі ұсынысымызды жарияладық.

 

Еліміз Түркияның ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталған «Түркі мемлекеттері ұйымы +» форматын құру бастамасын қолдады.

 

Осы форматқа қосылуға ниет білдірген мемлекеттер мен ұйымдарға қатысты нақты өлшемдер болу қажет деп санаймын».

 

t.me/aqorda_resmi