Ақтауда Каспий теңізіне құлаған әйел құтқарылды

Фото: Life09

Ақтаудағы Скальная тропа ауданында катерге міну кезінде әйел абайсызда Каспий теңізіне құлап кеткен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнында болған төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары жедел әрекет етіп, әйелді судан аман алып шығып, қауіпсіз жерге жеткізді.

Абырой болғанда, зардап шеккен әйелге медициналық көмек қажет болмаған.