Жеңіл атлетикадан ММА-ға дейін: Қарағанды облысының 41 спортшысы Қазақстан құрамасы сапында XX жазғы Азия ойындарына қатысады. Байрақты бәсеке 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласы мен Айти префектурасының өзге де қалаларында, сондай-ақ Токио, Осака және елдің басқа өңірлерінде өтеді. Азия ойындарының бағдарламасына спорттың 43 түрі мен 71 дисциплинасы енгізілген. Жарыс барысында 469 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, қарағандылық спортшылар 17 спорт түрінен сынға түседі. Ең көп спортшы жеңіл атлетикадан қатысады – өңірден Жапонияға сегіз спортшы аттанады. Тағы алты спортшы әртістік жүзуден, төрт-төрттен академиялық есу мен үстел теннисінен бақ сынайды.

Қарағанды облысының намысын кімдер қорғайды
Жеңіл атлетика: Давид Ефремов, Мария Ефремова, Вячеслав Земс, Аделина Земс, Алина Чистякова, Анна Шумило, Кристина Овчинникова, Милана Зубарева.

Әртістік жүзу: Наргиза Болатова, Даяна Жаманшалова, Ясмин Тұяқова, Ксения Макарова, Карина Магрупова, Виктор Друзин.

Академиялық есу: Варвара Белоногова, Тамара Первушкина, Алексей Красновский, Афина Белоногова.

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев, Зәуреш Ақашева, Жанерке Көшкімбаева, Альбина Жақсылықова.
Велоспорт: Кирилл Курдиди, Илья Карабутов, Максим Хорошавин.
Бокс: Аида Әбікеева, Сабыржан Аққалықов.

Семсерлесу (сабля): Артём Саркисян, Анастасия Гулик.
Ауыр атлетика: Любовь Ковальчук, Екатерина Алякина.
Байдарка мен каноэде есу: Денис Кленин, Дмитрий Холмогоров.
Әйелдер күресі: Эльмира Сыздықова.
Жүзу: Ксения Игнатова.
Батуттағы гимнастика: Ерлан Тасмағамбетов.
Спорттық гимнастика: Дарья Ясинская.
Дзюдо: Аида Тойшыбекова.
Гандбол: Рустам Андрусяк.
Джиу-джитсу: Ажар Салықова.
ММА: Санжар Әділов.
Қарағандылық спортшылар үшін бұл – Азияның басты спорт додасында өңір намысын қорғап, өз шеберлігін танытатын маңызды мүмкіндік. Өңір спортшыларының өнер көрсету барысын Дене шынықтыру және спорт басқармасының сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларынан бақылауға болады.