Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Фото: Gemini ИИ

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы 28 қазан күні жарияланады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Aqorda-ға сілтеме жасап.

Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкімет пен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері және еңбек адамдары қатысады.

Мемлекет басшысының Жолдауын сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан және Ақорданың ресми әлеуметтік желідегі парақшаларынан тікелей эфирде көруге болады.