Металл өңдеу саласындағы өндіріс мүмкіндіктері сөз болды

Сурет: «Әділет» партиясы

Қарағанды қаласындағы Саран тасжолында орналасқан «Металл профиль» зауытында еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуі өтті.

Жиынға «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттар Бекзат Алтынбеков, Жұрағат Баман, Елдос Жүнісов, Зара Шалабаева, Дархан Тілемісов және Арафат Мажитов қатысты.

Сайлау

Кездесуде отандық өнеркәсіпті қолдау, металл өңдеу өндірісін дамыту, кәсіпорындардың технологиялық мүмкіндіктерін кеңейту және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасындағы өндіріс саласына қатысты басым бағыттарға да тоқталды.

Сайлау

Зауыт қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өндірістегі жұмыс жағдайы мен саланың дамуына қатысты пікірлерін білдірді. Кездесу барысында кәсіпорындардың тұрақты жұмысы мен жұмысшылардың мүддесін қорғаудың маңыздылығы атап өтілді.

- Өнеркәсіп – Қарағанды өңірінің экономикалық тіректерінің бірі. Өндіріс орындарының әлеуетін арттыру, жаңа технологияларды енгізу және еңбек адамдарына қолайлы жағдай жасау өзара тығыз байланысты. Сондықтан кәсіпорындардың дамуына да, жұмысшылардың мүддесіне де бірдей көңіл бөлінуі қажет», – деді Бекзат Алтынбеков.

Сайлау

Кездесуге 60-қа жуық адам қатысты.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі. Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков. Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.