BANNER

Ресей мен Украинаның екінші келіссөзі бүгін өтеді

Фото жүктелмеген

Ресей мен Украина делегацияларының екінші келіссөзі Брест облысының аумағында өтеді. Бұл туралы РФ президентінің көмекшісі, ресейлік делегацияның басшысы Владимир Мединский айтты.

Мединскийдің сөзіне қарағанда, келіссөздер жоспарланған жерде, Беларусьтің Брест облысы аумағында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де басталмақ.

"Келіссөздер өтеді. Біз қазір украин тарапымен байланыстамыз", - деді Мединский.

Еске салсақ, бұған дейін Беларусь аумағында екі ел арасында келіссөздің бірінші кезеңі өтті. Украина президентінің кеңсесі "келіссөздердің басты мәселесі – атысты тоқтату және Украина аумағынан әскерді шығару" екенін мәлімдеген еді.

Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің Мәскеумен өткен келіссөздер әзірге нәтижесіз екенін хабарлады.