BANNER

Украинадан қазақстандықтар мінген үшінші ұшақ елге келді

Фото жүктелмеген

Украинадағы қарулы қақтығыстарға байланысты Қазақстан азаматтарын қауіпсіз жерге көшіру және елге әкелу жұмыстары жалғасып жатыр. Түнгі сағат 04:00 шамасында Польшадан Нұр-Сұлтан қаласына қазақстандықтар мінген үшінші рейс келіп қонды.

Айта кету керек, бұл - Украинада қалып қойған азаматтарымызға біздің елшілік тарапынан жасалған эвакуациялау шарасы. Бұған дейін 300-дей азамат қауіпсіз аймақтарға шығарылып, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына ұшақпен жеткізілген. Бүгін тағы 130 адам елге оралды. Оларға жатын орын, тамақ беру жағынан елшілікпен бірге еріктілер де көмектескен. Жерлестеріміз көмек көрсеткен қазақстандық елшілік өкілдеріне алғыс айтты.