Денсаулық сақтау министрлігі 5 наурыздағы жағдай бойынша еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды жариялады, деп хабарлайды saryarqanews.kz.
Өткен тәулікте еліміз бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 220 жағдай тіркелді. Соның ішінде 6 адам Қарағанды облысына тиесілі.
Індет басталғалы бері елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 303 536-ға жетті.
Ал өткен тәулікте Қарағанды облысында 38 адам айыққан. Жалпы Қазақстанда 1884 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Осы уақытқа дейін елімізде барлығы 1 275 617 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Матрица:
«Қызыл» аймақта:
«Сары» аймақта :
«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары