Украина президенті Владимир Зеленский 8 наурызда бейнеүндеу жасап, Ресейді жаңа келіссөзге шақырды, деп хабарлайды РИА Новости.
Видеоүндеу президенттің өз Telegram-ында жарияланған.
Соғысты аяқтап, адамдардың мүддесі үшін әділ адамдармен келіссөз жүргізу керек, – деді Зеленский.
Ресей мен Украина бұған дейін үш рет келіссөз өткізген. Тек екінші келіссөзде ғана тараптар гуманитарлық дәліз ұйымдастыруға келісіп, тұрғындарды эвакуациялауға, дәрі-дәрмек пен азық-түлік жеткізуге жол ашылған. Алайда гуманитарлық дәліздер толық жұмыс істемеді.
Ал 7 наурызда Беларусь жерінде үш сағатқа созылған үшінші келіссөз аяқталды. Ресей-Украина делегациялары тағы да кездесуге келіскен.