Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!
Үрейге бой бермеуге және дүкендерден азық-түлік өнімдерін жаппай сатып алмауды сұраймыз. Бүгінгі күні жеткізілімдер үздіксіз, жұмыс тәртібінде жүргізілуде. Ай басынан бері облыстың коммерциялық қоймаларына 2 240 тонна тауар келіп түсті. 18 наурызға дейін тағы 1 500 тонна келеді.
Сонымен қатар, "Сарыарқа" ӘКК тұрақтандыру қорында 723 тонна бакалея өнімдері сақталуда. Қоймалар үнемі толықтырылып отырады. Ол үшін қаржылық ресурстар мен коммерциялық келісімшарттар бар.
Апта сайын тұрақтандыру қорының резервтерінен супермаркеттер желісі және әлеуметтік павильондар арқылы тауар интервенциясы өткізіледі.
Қолда бар қорлар облыстың қант, күнбағыс майы, қарақұмық жармасы, күріш және т. б. қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті.
Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін қалалар мен аудандардың кәсіпкерлік бөлімдері сауда объектілеріне "Сауда қызметін реттеу туралы" ҚР Заңына сәйкес рұқсат етілген сауда үстеме бағасын сақтау тұрғысынан тексеру жүргізетін болады.