BANNER

Жеңіс Қасымбек Президенттің бастамаларын іске асыру жолында белсенділік танытуға шақырды

Фото жүктелмеген

Бір күн бұрын ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Осы арқылы ол жаңа Қазақстан дамуының басым бағыттарын белгіледі деп айтуға болады. Мемлекет басшысы бастамашылық еткен реформалар өмірдің барлық салаларын қамтиды. Облыс әкімі қарағандылықтар да Президент қойған міндеттерді іске асыруға өз үлестерін қосуы керектігін айтты. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды saryarqanews.kz

"Бұл құжатта бізге, дәлірек айтқанда Жезқазған тұрғындарына қатысты тағы бір маңызды шешім бар. Қазақстан картасында Ұлытау облысы пайда болады. Ал, мысты қала облыс орталығына айналады. Бұл тақырыпты жезқазғандықтар бірнеше рет көтерген болатын. Жерлестеріміздің бұл ұсынысы назарға алынып, мәселе оң шешімін тапты", - деп жазды өңір басшысы.

Аймақ басшысы болашақ Ұлытау өңірінің тұрғындарына жұмысқа қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Қарағанды ​​облысының құрамында болған жылдарда Жезқазған өңірі өсіп- өркендеді, мәселелер де болды. Алайда олар бірте-бірте шешілді. Маңызды мәселелердің бірі – сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету Елбасының қолдауына ие болды. Биыл Үйтас-Айдос суағарын қайта жаңарту және Қожамсейіт су орнында суағар салу жұмыстары басталады. Су ресурстары комитетімен бірлесе отырып, біз Есқұла су тартқышын аяқтадық. Сапалы суды Сәтбаев тұрғындары тұтынып, оның бір бөлігі қазірдің өзінде Жезқазғанға жеткізілуде.  

"300-ден астам жұмыс орны ашылатын үш ірі жоба іске қосылады деп күтілуде. Жалпы, өнеркәсіп өндірісі өсуде. Жезқазған-Қызылорда жолының жай-күйіне қатысты шағымдар көп болды.Қазір оны шешу үшін мердігерді таңдауға конкурс жарияланды, ал жазда жоспар бойынша жөндеу жұмыстары басталуы керек. Коронавирустық инфекцияның күрделі кезеңінде  инфекциялық аурухана салынды, материалдық-техникалық база нығайтылып, онкологиялық орталықты ашу мәселесі пысықталды", - деді Жеңіс Қасымбек.

Қарағанды облысы еліміздің индустриялық және инновациялық орталығы, қара металлургияның, көмір өнеркәсібінің көшбасшысы болып қала береді. Біз жаңа кәсіпорындарды ашып, жұмыс орындарын құруды жалғастырамыз. Бір сөзбен айтқанда, біздің өңір өзінің дамуын жалғастырады, барлық белгіленген жоспарлар орындалады. Алда Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша үлкен жұмыстар күтіп тұр. Бәрі де ойдағыдай болады!