Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы төрағасының міндетін атқарушы Жанар Қалмақова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ алаңында өткен суицид туралы отырыста айтты.
Құқықтық статистика комитеті мен Бас прокуратураның арнайы есебі бойынша 2015-2021 жылдар аралығында халық арасында суицид саны мен оны жасауға ұмтылу әрекеттері артқан. Суицид жасау 27,6 пайызға, оны жасауға әрекет ету 10,1 пайызға көбейген, – деді Қалмақова.
Ол атағандай, 2022 жылдың көрсеткіштері бойынша да суицид жағдайлары артып отыр.
Ал оған ұмтылу жағдайлары азайған. 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы суицид жағдайларының саны азайып келеді. Ал соңғы 2 жылдың көрсеткіші бойынша суицид саны 2 есеге қысқарды, яғни 46,9 пайызға азайған, – деді ол.
Айта кетейік, ОКҚ алаңында суицид жағдайларын БАҚ-та дұрыс таратуға арналған талқылау өтіп жатыр. Шараға қоғам белсенділері, ЕО мүшелері мен министрлік қызметкерлері қатысып жатыр.