BANNER

Қазақстандық әншілер халықты алдап кетті ме?

Ашық дереккөз

Қазақстандық әншілер Мейрамбек Беспаев пен Ғазизхан Шекербеков Орландо қазақтарын алдап кеткен. Олар алдын - ала жарнамалаған концертке келмеген. Бұл жайында Айжан Хамит есімді желі қолданушысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Мына жақта масқара болып жатыр. Мейрамбек Беспаев пен Ғазизхан Шекербеков Американың Орландо қаласындағы қазақтарға концерт өткізбекші болған. Қазақтар мәз, неше түрлі штаттардан келген, билеттерді сатып алған, енді мына екі жұлдызымыз концертке келген жоқ  қазақтар телефон соқса, ойбай концерт па деп дым білмегендей отыр. Сонда мына видеоны кім жасаған? Екі ортада ұйымдастырушылар кінәлі болып қалды, залдың ақшасын өз қалтасынан төлеуге мәжбүр болды. Жігіттер, мыналарың ұят енді. Мына жақта ерігіп жүрген адам жоқ, барлығы жұмыс істеп ақша тауып жатр, Қазақстандағы туыстарын асырауда.» - деп жазды Айжан Хамит .

Бұл мәселеге қатысты әзірге қос әнші де түсініктеме бермеді.