BANNER

Коронавирус жұқтыру дерегі Алматы мен Алматы облысында ғана анықталды

Фото жоқ

Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясының үш жағдайы тіркелді - екеуі Алматы қаласында және біреуі Алматы облысында. Басқа өңірлерде жаңа жағдайлар анықталған жоқ.

Ресми статистика дәрігерлерге барғандар мен ПТР сынақтарының нәтижелерін ғана тіркейтінін ескеруіміз қажет.

Елде барлығы 1 305 551 жағдай расталды.

Кеше Алматыда - 9, Алматы облысында - 2, Нұр-Сұлтанда 1 адам жазылып шықты.

Бүгінде елімізде тұрақты эпидемиологиялық жағдай қалыптасқан, барлық өңірлер қауіпсіз "жасыл" аймақта.