BANNER

Қазақстандықтар өз спортшысының жеңіп алған медаліне наразылық білдіріп жатыр

Фото: жоқ

Қазақстанның Спортшылар одағына отандық сурдолимпиадашылар жүгінді. Олар Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің өз спортшыларының жеңіп алған медаліне наразылық танытқанын айтып шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы жағдай мынадай. Бізге Бразилиядан сурдлимпиада құрамамыздың спортшылары жүгінді. Спортшымыз дзюдошы Еркебұлан Қанафин Сурдлимпиададан бірінші алтын медальді жеңіп алды. Ал біздің Спорт комитеті бұл жайында хабар таратқан да жоқ. Сорақысы бұл емес. Құрама бапкерінің айтуынша, халықаралық төрешілер жеңісті мойындағанына қарамастан Спорт комитеті өз құрамасының медаліне наразылық танытқан», - делінген Қазақстан Спортшылар одағы БАҚ өкілдеріне таратқан мәлімдемеде.

Орын алған жайтты Қазақстанның Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті Айжан Чокина да растап отыр.

«Жағдай мынадай: Сурдолимпиадаға құраманы апаруға Спорт және дене тәрбиесі комитеті емес, Мәдениет және спорт министрлігі де емес, тек ҚР Сурдлимпиада комитеті ғана құқылы. Егер олар қатысқысы келсе, онда бізбен келісуі тиіс. Яғни, біздің жанжалымыз шамамен 2-3 ай бұрын басталды. Өйткені, олар басқа, біз басқа спортшыларды ұсындық. Олар біздің спортшыларымызды заңсыз жібермеді. Түптеп келгенде біздің де, олардың да спортшылары барды», - деді Айжан Чокина ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы.

Оның атап өтуінше, спортшыларға қысым да көрсетілген.

«Олар ана жаққа барғаннан кейін Спорт және дене тәрбиесі комитеті спортшыларымызды жарысқа жіберу үшін Халықаралық олимпиада комитетіне хат жазды. Ал ХОК бізге қолдау көрсетті. Себебі, заңға сәйкес біз ғана құраманы жасақтай аламыз. Хок оларды тіркеуден бас тартты. Осы уақыт бойы спортшылармызға қысым көрсетілді. Соның салдарынан екі спортшымыз жеңіліп қалды», - деді ол.

Айжан Чокинаның айтуынша, комитет бапкерлері мен өкілдері спортшыларымыздың нәтижесіне өздері қарсылық көрсетіп қана қоймай, спортшыларымыздың қарсыластарын да үгіттеген.

«Бұл Сурдлимипада болғаннан кейін бүкіл спортшы алдымен денсаулығының жай-күйі қаншалықты сәйкес келетінін тексеруге халықаралық комиссиядан өтеді. Спортшыларымыз комиссиядан өткеннен кейін жарысқа қатысты. Бірақ, құрама бапкері спортшы саңырау емес, естиді деп наразылық жазды. Қазақтардың өзі өз спортшысына қарсы шығып отыр. Ол аталған бапкерге ұнамайды, бар болғаны сол. Тіпті сол бапкерге аудиограмманы көрсеткенде де сабырға келмеді. Спортшымыз финалға шығу үшін француз әлем чемпионымен белдесті. Олар француздарға барып, наразылық жазуға кеңес беріпті», - деді Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті.