Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының 24 қатысушысы мен мүгедегі тұрады. Жеңіс күніне орай оларға бюджеттен миллион теңгеден төленді. Бір жолғы материалдық көмек сонымен қатар тыл еңбеккерлеріне, қоршаудағы Ленинград тұрғындарына, концлагерь тұтқындарына, еркін жалданушыларға, соғыс кезінде қаза тапқандардың жесірлері мен әйелдеріне арналған.
Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек ардагерлермен кездесті. Салтанатты қабылдауға соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, ардагерлер ұйымдарының басшылары шақырылды.
- Жеңіс күні өзінің жауынгерлік борышын адал орындаған, миллиондаған тыл қызметкерлерінің еңбегімен, жауды жеңу үшін өмірін ауыр еңбекке бағындырған миллиондаған сарбаздар мен офицерлердің өмірімен өтелді. Қарағандылықтар өз өмірі мен денсаулығының арқасында сонау қырықыншы жылдары жеңіске жеткен жерлестерін әрдайым мақтан тұтатын болады. Біз ұлттық және әлемдік тарих шежіресіне есімдері алтын әріппен жазылған, бүгінгі күнге жетіп отырғанымызға себепші адамдарға құрмет пен алғыс білдіреміз, - деп Жеңіс Қасымбек ардагерлерді құттықтады.
Қабылдауға шақырылған ең қарт қонақ - 99 жастағы Бүркіт Есжанов ардагерлерге ұдайы көңіл бөліп отырғаны үшін алғысын білдірді. Ол барлығына денсаулық, бейбітшілік және мемлекетіміздің өркендеуін тіледі.
Бүркіт Есжанов майданға 19 жасында, ұшқыштар училищесін бітірген соң аттанған. Мәскеу маңында соғысып, Курск шайқасына қатысқан. Соғыстан кейін солтүстік-шығыс Қытай мен Моңғолияны жапондардан азат етуге қатысты.
Мария Шинкевич майданға 19 жасында аттанған. Атқыштар дивизиясында мерген болды. Чехословакияда соғысып, Жеңісті Прагада қарсы алған.
ұңғат Саттығұлов Сталинград түбінде шайқасқан, Минскті азат еткен. 293-ші атқыштар дивизиясының миномет есебінің командирі болды. Екі рет ауыр жарақат алған, бірақ ауруханадан кейін майданға қайта оралған.
Облыс ардагерлеріне көмек тек бюджет есебінен ғана көрсетілмей, кәсіпкерлер, ірі өнеркәсіптік компаниялар қолдау көрсетеді. Олардың қатарында Қазақмыс, АрселорМиттал Теміртау, Жәйрем КБК және т.б. бар. Жеңіс күніне орай облыс бойынша түрлі көздерден жиналған демеушілік көмек 63 млн теңгені құрады.