BANNER

Доллар бағамы төмендеді

Фото: жоқ

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,68 теңгеге төмендеп, 434,76 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 12 мамырдағы ресми бағамы - 442,61 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 435,75 теңге, ал сатылым - 440,48 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 435,18 теңгеден сатып алады, 438,69 теңгеден сатады.