Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров балаларға арналып неліктен Nickelodeоn және TiJi арналары таңдалып отығанын түсіндірді,- деп хабарлайды BAQ.KZ
Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басышысы биылғы жылды «Балалар жылы» жариялады. Келешек ұрпақтың үлесімді дамуына әрбіріміз жауаптымыз. Жалпы, баланың тәрбиесі негізінен тілден басталады. Қазіргі таңда Ақпарат және қоғамдық келісім министрілігі балалар жылына орай былтырдан бері Nickelodeоn және TiJi арналарын келіссөздер өткізген болатын. Енді осы жылы ол жобаны бастап өзіміздің кабельдік телеарналарымызда қазақ тілінде көрсетуді бастап кеттік. Мультфильмдер AlmaTV сонымен бірге TV Commerce, «Қазақтелеком» арналарында көрсетіліп жатыр, - деді вице министр.
Сондай-ақ вице-министр Nickelodeоn және TiJi арналарынің бәсекеге қабілетті арналар екенін айтты.
Қазақ тіліндегі мультипликацияны көрсететін бәсекелестікті дамыту үшін алынып отыр. Қазіргі таңда әлеуметтік зерттеулер барысында қазақ тіліндегі көрсететін контенттерде Балапан алдыңғы орында одан кейін Nickelodeоn және TiJi және Cartoon Network арналары кірген болатын. Бұл жерде Nickelodeоn мен TiJi әлемдік деңгейде бәсекеге бейім екенін айта кеткен жөн. Мәселен, Nickelodeоn 180 елде таратылып отыр ал TiJi 20 елде тарап отыр. Осы себепке байланысты жұмысты бастап кеттік, - деп атап өтті Қадыров орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.