Доллар арзандады

Ашық дереккөз

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Saryarqanews.kz  Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,81 теңгеге төмендеп, 464,16 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 2-4 шілдедегі ресми бағамы - 466,44 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу – 465,19 теңге, сату – 469,73 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 462,69 теңгеден сатып алынып, 466,01 теңгеден сатылып жатыр.