BANNER

Елімізде құс еті қымбаттады

Ашық дереккөз

Биыл тамыз айының қорытындысы бойынша құс етінің құны бір жылда 27,9%-ке қымбаттады. Оның ішінде тауық– 25,9%-ке, тауықтың сан еті – 28,5%-ке, төс еті – 29,3%-ке, сирақ пен жамбас еті – 29,5%-ке қымбаттады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Өңірлер бойынша салыстырғанда құс еті Маңғыстау облысында қатты қымбаттаған, өсім 43,8%-ті құрады. Одан кейін Ақтөбе (37,8%) және Павлодар (35,2%) облыстары тұр. Бағаның ең аз өсімі Қарағанды ​​облысында тіркелді: бір жылда 15%-ке, деп хабарлайды energyprom.kz мониторинг компаниясы.

Биыл тамызда дүкен сөрелері мен базарларда тауық етінің бір келісі орта есеппен 1,3 мың теңгеден, тауықтың сан еті 1,2 мың теңгеден сатылды. Ал, құс етін өндіруде өсім бар екені тіркелді.

Биыл қаңтар-шілде айларында жаңа сойылған немесе салқындатылған құс етінің өндірісі 64,2 мың тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 3,5%-ке артық.

Бір жыл ішінде барлығы 75,9 мың тонна мұздатылған құс еті өндірілді. Бұл 2021 былтырғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,1%-ке артық. Өндірістің басым бөлігі Алматы және Ақмола облыстарына тиесілі. Мысалы, Ақмола облысында жаңа сойылған немесе салқындатылған құс етінің 38,4%-і және мұздатылған құс етінің 18,6%-і өндірілсе, Алматыда сәйкесінше 16,6%-і және 50,6%-і өндірілді.