BANNER

Алты жыл кездескен жігіті туған ағасы боп шықты

ашық дереккөз

Америкада 6 жыл бойы кездескен ғашықтар туған ағасы мен қарындасы болып шықты. Олар бұл жайтты тек ДНК тестін тапсырғанда бір-ақ білген, деп хабарлайды lenta.ru.

30 жастағы әйелдің айтуынша, оны қазіргі отбасы асырап алған. Жігітінің де асыранды екенін білген. Бұл жағдай олардың арасын жақындата түсіп, 6 жылдан кейін отбасы болуды жоспарлайды. Олар болашаққа жоспар құрмас бұрын шыққан тегін білу мақсатында ДНК тестін тапсырған. Тест нәтижесі олар үшін күтпеген жайттың бетін ашты.

"Бізді ел бір-бірімізге қатты ұқсататын. Мен оны алғаш көргенде әлдебір жақындықты сездім. Екеуіміз бірден тіл табысып кеттік. Бір-бірімізді сөзсіз ұғатынбыз. Сөйтсем, мұның бәрі біздің туған бауыр болғандығымыздан екен", - деді ағынан жарылған әйел.

Алты жыл ішінде олар бақытты өмір сүрген. Бір-бірін ата анасымен таныстырып, болашақ тойының күнін де белгілеген. Бірақ балалы болуға асықпаған. "Біздің бала жоспарламағанымыз дұрыс шешім болыпты", - дейді ол. Қазіргі уақытта ғашықтар қайтадан тест тапсырған. Олар ДНК тестінің алғашқы нәтижесі қате екенінен үмітті.